Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 384.87 EUR 432.52
RUB 6.11 CNY 55.95
Jańalyqtar

Атыраудағы қонақүйде болған өрт: ауруханаға түскендердің жай-күйі белгілі болды

2019 жылғы 17 маусым 08:57 985
Бөлісіңіз:
Атыраудағы қонақүйде болған өрт: ауруханаға түскендердің жай-күйі белгілі болды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қаладағы қонақүйлердің бірінде болған өрттен зардап шеккендердің жай-күйі қалай екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жедел медициналық жәрдем бригадалары облыстық ауруханаға 3 адамды жеткізді. Соның екеуі Оралдан келген спортшы балалар, тағы бірі - 42 жастағы әйел. Оларға ыс тиген. Зардап шеккендерге қажетті көмек көрсетілді. Балалар ауруханадан шығарылды. Әйелдің жағдайы тұрақты, ем-домын алып жатыр, өміріне төнген қауіп жоқ», - деп мәлімдеді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, кеше түнде Атыраудағы қонақүйдің төменгі қабатында монша өртенген. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар 3 баланы құтқарып, 31 адамды қауіпсіз аймаққа көшірді, олардың 29-ы - бала. Құтқарылған және қауіпсіз аймаққа көшірілген балалар Орал қаласынан жарысқа келген.

«Райхан» қонақүйінде өрт шыққаны туралы біз оның ресепшндағы қызметкерлерінен білдік. Бірер минуттың ішінде қара түтін қаптады. Қонақүй қызметкері жоғарыда балалар бар екенін айтты. Біздің дәмхана да сол қабатта орналасқан. Біздің жігіттер - басқарушы Алексей Радыгин, даяшы Мағжан Жұмағожа, бармен Бекбол Тутаев, аспаз Әлібек Ұрмағамбетов сол заматта жоғары көтерілді. Олардың артынша балаларды құтқаруға даяшы Сабина Қасымова да аттанған. Жігіттердің айтуынша, Сабина, тіпті, олардан да озып кетіпті», - дейді куәгерлердің бірі, «Айва» дәмханасының әкімшісі Жаннат Досжанова.

Автор: А. Соколов

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT