Атыраудағы колледжде 20 оқушы газдан уланды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы колледжде 20 оқушы белгісіз газдан уланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Оқыс оқиға бүгін түске қарай сервис колледжінде болды. Сабақта отырған оқушылардың бір бөлігі тұншыға бастағанын сезген. Сабақ тоқтатылып, оқушылардың барлығы сыртқа шығарылған. Улану белгісімен 20 адам ауруханаға жеткізілді. 7 адам жан сақтау бөлімінде. Олардың жағдайы тұрақты, өміріне қауіп төніп тұрған жоқ», - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Аманжол Сағынғалиев.

Басқарма толығырақ ақпарат кейінірек беретін болды.

Соңғы жаңалықтар