Атыраудағы Қазақ драма театрынан шыққан өрт толық сөндірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Атыраудағы Қазақ драма театрынан шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комитеттің хабарлауынша, театр ғимаратынан шыққан өрт сағат 17.20-де ауыздықталып, сағат 18.20-да толық сөндірілді.

Еске салсақ, бұған дейін Атырауда театр өртеніп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

«22 тамызда сағат 14.30 кезінде Атырау қаласында «101» пультіне Махамбет Өтемісов атындағы Қазақ драма театрынан өрт шыққаны туралы ақпарат түсті. Нақтырақ айтқанда, екінші қабаттағы электроқалқан өртеніп, тілсіз жау ғимараттың шатырына тараған. Шамамен өрттің шарпу аумағы 1500 шаршы метрді құрады», - дедікомитеттен.

Соңғы жаңалықтар