+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

Атыраудағы ірі кәсіпорындар медициналық мекемелерге көмек көрсетуде

2020 жылғы 20 наурыз 19:42
Бөлісіңіз:
Атыраудағы ірі кәсіпорындар медициналық мекемелерге көмек көрсетуде

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының ірі кәсіпорындар Елбасының үндеуіне қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

«Атырау облысының жетекші кәсіпорындары, Елбасының коронавируске қарсы күрес қорын құру туралы мәлімдемесін толықтай қолдаймыз. Бұндай күрделі кезде ешкім ортақ істен тыс қалмауы тиіс. Біздің кәсіпорындардың ұжымдары эпидемия қатерін жете түсініп отыр және жауапкершілік танытып, азаматтық санаға сүйеніп, коронавируске қарсы күреске белсене атсалысуға әзір. Бүгінде біздің кәсіпорындарымыз медициналық мекемелер мен медициналық персоналға үлкен көмек көрсетіп жатыр. Қомақты қаражат бөлініп, оған қажетті медициналық жабдықтар, тепловизорлар, жеке қорғану құралдары сатып алынуда. Елбасының мәлімдемесі күрделі кезеңдегі жақсы жаңалық болып, рухани қуат береді» - делінген үндеу мәтінінде.

Сондай-ақ, ірі кәсіпорындар өкілдері әлеуметтік жауапкершілік танытатынын жеткізді.

«Біз талай қиын-қыстау заманды басымыздан кешіріп, әрдайым қиындықтарды жеңіп келдік. Әлеуметтік жауапкершілік танытып және қоғамымыздың бірлігін сақтап, біз бұл қатерлі инфекцияны да жеңеміз, азаматтардың денсаулығын жақсартамыз», - дейді олар.

Үндеуге «Тенізшевройл» ЖШС, «NCOC» компаниясы, «Ембімұнайгаз» АҚ сынды ірі кәсіпорындар қолдау білдірді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT