Атыраудағы химиялық зауыт аумағынан өрт шықты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы химиялық зауыт аумағында өрт болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Атырау облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қосымша ақпарат кейінірек беріледі.

Біздің анықтама: бір кездері полипропилен шығарған кәсіпорынның жұмысы қазір тоқтап қалған. Бірақ оның аумағында бірнеше мұнай-химия зауыты, оттегі өндіретін цех бар. Химиялық комбинаттың аумағы Атырау ЖЭО мен зауыттың тікелей маңында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар