Атыраудағы химия зауытында тұтанған өрт сөндірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы жұмыс істемейтін химия зауытында тұтанған өрт толықтай сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Өрт бүгін күндізгі 11 шамасында тұтанған болатын.

«50 мың текше метр сұйықтық сыятын резервуар өртенді. Онда мазуттың қалдықтары бар еді. Резервуардың жылытқышпен қапталып, оқшаулағышпен жабылғаны жалынды тұншықтыруға кедергі жасады. Өртті сөндіруге 38 адам және 10 техника жұмылдырылды», - деп мәлімдеді Атырау облыстық өрт сөндіру қызметінің бастығы Әбділқапар Жұманов.

Айта кетейік, бір кездері полипропилен шығарған кәсіпорынның жұмысы қазір тоқтап қалған. Бірақ оның аумағында бірнеше мұнай-химия зауыты, оттегі өндіретін цех бар. Химиялық комбинаттың аумағы Атырау ЖЭО мен зауыттың тікелей маңында орналасқан.

Автор: А. Соколов

Соңғы жаңалықтар