Атыраудағы «Ескі базар» әкімшілігі төтенше жағдай талабын бұзған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласындағы «Ескі базар» әкімшілігі төтенше жағдай талабын бұзған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кеше әлеуметтік желілерде «Карантин. Атырау қаласында. Жоқ. Естіген жоқпыз» деген видео жарияланған еді. Онда адамдардың көп жиналғаны түсірілген.

«Оқиға 12 сәуірде Атырау қаласындағы Афанасьев көшесінің бойында орналасқан «Ескі базар» аумағында болған. Төтенше жағдай кезіндегі талаптарды орындамаған базар әкімшілігіне қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің 476-бабының, 6-бөлігімен толтырылған хаттама сотқа жолданды. Қолға алынған шаралар туралы қосымша хабарланады» -деп мәлім етті бүгін облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар