+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Атыраудағы дүкенде электрошокер заңсыз сатылған

2021 жылғы 27 шілде 00:11
Бөлісіңіз:
Атыраудағы дүкенде электрошокер заңсыз сатылған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау полицейлері заңсыз электр қаруды сатқан дүкенді анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырауда көлік терезесін сындырып 2 млн теңге ұрлағандар ұсталды Атырауда елордалық дәрігерлер 5 балаға ота жасап, 300-ге жуық кеңес берді Петропавлдағы көңіл-көтеру орны жанында тапаншадан оқ атқан жігіт ұсталды

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, ғаламторда жарияланған жарнамаларға талдау жүргізілген.

«Әкімшілік полиция басқармасының Азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау тобы ғаламтордағы жарнамаларды талдау кезінде Атырау қаласында орналасқан аңшылар мен балықшылар дүкенінде электрошокерді заңсыз сату дерегін анықтады. Заңсыз сатылымнан 20 электрошокер тәркіленді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір заңды тұлғаны ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 482-бабымен жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 29 жастағы жігіт әлеуметтік желі арқылы қару сатпақ болған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT