Атыраудағы базарларда дезинфекциялық дәліз орнатылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласындағы «Дина», «Көктем», «Сарайшық» базарларының кіреберісіне дезинфекциялық дәліз орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бұл – дәліз Түркиядағы дезинфекциялау орнының баламасы. Дәліздер жергілікті кәсіпкерлердің жобасымен жасақталды. Оның жанында дезинфекциялық ерітінді сақталатын ыдыс бар. Ерітінді Атырау қалалық тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының санитарлық мамандарының ұсынымы негізінде әзірленді. Адамдар үшін еш қаупі жоқ. Сұйықтықтың құрамында 30 пайыздық спирт ерітіндісі бар. Бұл туралы мәтін осы орындардың барлығында ілулі тұр», деді Атырау қалалық әкімдігінің ресми өкілі Әлібек Науаров.

Мәселен, «Сарайшық» коммуналдық базарының кіреберісінде алдымен тұрғындардың қызуы тепловизормен өлшенеді. Сонан соң дезинфекциялық дәліз арқылы өтеді.

Мамандардың айтуынша, дезинфекциялық дәліз адамдардың киімінің қыртысындағы қауіпті патогендерді жоюға мүмкіндік береді.


Соңғы жаңалықтар