Атыраудағы аз қамтылған отбасынан шыққан 40 бала Италияда демалады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Балалардың шетелге барып, демалулары үшін қажетті жолдаманы Атырау облысының білім басқармасы қамтамасыз етуде, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін, 16-маусымда, Атырау қаласының халықаралық әуежайынан 40 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар Италияның Чезенатико қаласында орналасқан жазғы демалыс орнына аттанды. Балаларды қамқоршылары мен достары шығарып салды.

Италиядағы екі апталық демалысқа облыстық білім беру басқармасы қаражат бөлген.

«Шаңырақ» отбасылық типтегі балалар ауылының тәрбиеленушілеріне 7 билет берілді; 32 жолдама қалалық және аудандық білім беру бөлімдерінің қамқоршы және қамқорлықтағы балаларына, сондай-ақ, патронаттық тəрбиедегі балаларға, 1 жолдама №4 облыстық санаторлық-интернатының тәрбиеленушісіне берілді.

Балаларды Атырау қаласындағы №12 орта мектептің мұғалімдері, дарынды балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының ұстаздары, сондай-ақ ағылшын тілін жетік меңгерген аға оқытушылар жетекшілік етіп барады.
null

Мен үшін биылғы жазғы демалысымның өте қызықты болатынына өте қуаныштымын. Бұл сапарда жаңа достар табамын, ағылшын тілін тереңірек меңгеріп, сәулет ескерткіштерін көретін боламын. Италиядағы ұмытылмас және әдемі орындарды көремін. Сапардан алған әсерім мен үшін өмір бойы есімде қалатын болады,- дейді № 12 орта мектептің оқушысы Əсемай Нұржігітова.

Балалар «Аджип Карачаганак Б.В.» компаниясының әлеуметтік жауапкершілігіне байланысты шетелдік лагерьде демалуға мүмкіндіктер алды. Италияда жазғы демалыс күндері 3 шілдеге дейін жалғасады.

nullnull

Соңғы жаңалықтар