Атыраудағы «Atyrau Marathon 2019» қайырымдылық марафонына 3 мың адам қатысты

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жыл сайынғы Atyrau Marathon 2019 қайырымдылық марафоны аяқталды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл бәсекеге бірқатар қалалар мен мемлекеттерден 3 мыңға жуық қатысушы жиналды. Олар 42, 21, 10, 3 және 1,2 шақырымдық қашықтық бойынша жүгіріп өтті.

Барлық мәреге жеткендер медальдармен марапатталды. Жеңімпаздарға ақшалай жүлделер мен сыйлықтар табысталды.

Сонымен, марафонның ең ересек қатысушысы 72 жастағы ультрамарафоншы Әмегүлсін Мұсылмановааталды. Ал жүгірушілер арасында жеңіске деген жігері үшін мүмкіндігі шектеулі 58 жастағы жазғы паралимпиадашы, өзінің бүгін 120-шы марафонын жүгірген Олег Сысолятин марапатталды.

Рекордшы Марат Жылқыбаев жарыстың құрметті қонағы болды.

"Аtyrau Marathon 2019" ерлер арасында үшінші мәрте абсолютті жеңімпазы болып 42 шақырымды жүгіріп өткен 25 жасар Базарбай Дауталиев марапатталса, әйелдер арасында Әмина Зинорова үздік көрсеткішке қол жеткізді.

Айта кетейік, "Atyrau Marathon 2019" қайырымдылық марафоны «Жастар жылы» аясында өтті. Барлық түскен қаржы қайырымдылық бағытында жұмсалады.

Соңғы жаңалықтар