Атыраудағы Ақкөл ауылы карантинге жабылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының Құрманғазы ауданындағы Ақкөл ауылдық округі аумағында карантин енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Құрманғазы ауданының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Карл Отаров

арнайы қаулыға қол қойған. Қаулыда айтылғандай, Ақкөл ауылдық округінде 18 адамнан

коронавирус инфекциясы анықталып, 1 адамның қауіпті індеттен қайтыс болған.

Осыған байланысты қаулыға сәйкес, Ақкөл ауылдық округіндегі карантиндік шаралар 18

маусым таңғы сағат 07:00-ге дейін жалғасады.

«Ақкөл ауылдық округі аумағына кіруге және одан шығуға тыйым салынады, тұрғылықты

жерінде сағат 06.00-22.00-ге дейін жүруіне рұқсат етілсін. Басқа елді мекендердің

тұрғындарына Ақкөл ауылдық округі аумағына кіруге қатаң тыйым салынсын.

Теміржол стансасына келіп тоқтаған пойыз вагондарының есіктері ашылмасын,

адамдарға түсуге және мінуге қатаң тыйым салынсын. Ресей Федерациясы аумағында жұмыс

істейтін қызметкерлерге мекеме басшылары 15 күнге вахталық әдіспен жұмыс жасауды

ұйымдастырсын. 15 күндік жұмыстан келген қызметкерлер 14 күнге үй карантиніне

алынсын», делінген құжатта.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда коронавирустан көз жұмған науқастың үйінде бір

апта жатып қалғанын, кейін үшінші адамның қайтыс болғанын хабарлап едік. Сондай-ақ,

кеше карантинге байланысты жалған ақпарат тараған еді.


Соңғы жаңалықтар