Атыраудағы 39 көшеге жаңа жарық жүйесі орнатылады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атыраудағы 39 көшеге жаңа жарық жүйесі орнатылады. Жарықтандыру мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасы аясында жүзеге асуда, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

Ағымдағы жылдың 5 шілдесінде Атырау облыстық Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы мен «Батыс транзит» акционерлік қоғамы арасында «Атырау қаласының көшелерін жарықтандыру желісін салу және пайдалану» жобасын іске асыру туралы алғашқы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік келісім шарты жасалған болатын.

Жоба шеңберінде 2017 жылдың желтоқсан айының соңына дейін және 2018 жылы Атырау қаласының 39 көшесіне 2816 жарық шамдарын орнату жоспарланған. Жарықтандыру барысында жаңа технологиялар мен заманауи LED- жарық шамдарын орнату ескерілген.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі мерекесі  қарсаңында қала және қала маңындағы  5 көшеге: облыс орталығындағы Берғалиев көшесінен Баймұханова көшесіне дейін, Водников ауылындағы Первомайская көшесіне, Проезд-1, Қарабау көшелеріне, Көкарна ауылындағы 13 көшеден 7 көшеге дейін, 7 көшеден 12 көшеге дейін жарық шамдары орнатылады.

 

Соңғы жаңалықтар