Атыраудағы 268 көшеде жол жөнделмек

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев өңірдегі жол жөндеу және салу жұмыстары қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

««Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында автокөлік жолдарын дамыту ауқымы 432 шақырымдық автожол құрылысын қамтиды. Жұмыс екі бағытта жүзеге асады. Бірінші бағыт - Атырау-Ақтөбе тас жолы (155 шақырым). Бүгінгі таңда 10 шақырым учаскеде жұмыс аяқталып, ұзындығы 17 шақырымдық учаскеде құрылыс жүріп жатыр. 128 шақырым учаскедегі құрылыс бойынша дайындық жұмыстары басталып кетті. Екінші бағыт - Атырау-Астрахань жолы (277 шақырым). Оның 60 шақырымын бастауға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Республикалық маңыздағы 217 шақырымдық автожол құрылысын Азия банкі қаржыландырады деген жоспар бар», - деді Нұрлан Ноғаев ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.null 

Өңір басшысының айтуына қарағанда, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында өңірлік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінген.

«Облыс бойынша 260 шақырым автокөлік жолының құрылысы жүргізілуде. Ол 317 көшені қамтиды. Оның 60 шақырымы облыстық, аудандық маңызға ие болса, 18 елді мекенде 48 көше жөнделуде. Облыс орталығында 200 шақырымдық 268 көшеге жол жабынын төсеу жоспарлануда», - деді Нұрлан Ноғаев.

Еске сала кетсек, аталмыш баспасөз мәслихатында Нұрлан Ноғаев өңірдегі балық шаруашылығының табысын да атап өткен болатын. Оның айтуынша, атыраулық балық өңдеуші кәсіпорындар 500 келі қара уылдырық саудалау мүмкіндігіне қол жеткізіп отыр.

Сондай-ақ, Нұрлан Ноғаев Атырау облысында жыл соңына дейін 30 әлеуметтік нысан іске қосылатынын хабарлаған еді.

 

Соңғы жаңалықтар