Атыраудағы 22 науқастың індетті қайдан жұқтырғаны белгілі болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында коронавирус инфекциясы анықталған 22 науқастың қауіпті індетті қайдай жұқтырғаны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, қазір Атырауда 22 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған. Оның 4-еуі індетті шетелден жұқтырып келген. Ал, 7-еуі көрші облыстардан жұқтырып алған. Сондай-ақ, жергілікті 11 тұрғын Атырауда аталған инфекцияға душар болып отыр.

«Дәрігерлердің айтуынша, 7 науқастың жағдайы тұрақты, 8-інің ахуалы – қанағаттанарлық, 5-еуінің жағдайы орташа дәрежедегі ауыр болса, 2 пациентте пневмония бар. Олардың дене қызуы жоқ. Науқастардың ешқайсысын ИВЛ аппаратына қосу қажеттігі туындамады» деп хабарлады Орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалы.


Соңғы жаңалықтар