Атырауда жылына 5 тонна уылдырық шығарылмақ

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда бекіре өсіруге арналған шаруашылық құрылды.

«Біздің шаруашылығымыз - облыста бекіре балығын табиғи жағдайда өсіруге барынша жақын бірінші шаруашылылық. Әзірге бізде Жайық өзенінде орнатылған 100 шағын кемеде 30 мың орыс бекіресі бар. Олардың салмағы әзірге жарты келі ғана, бірақ олар көз алдымызда үлкейіп келеді. Егер бәрі жоспардағыдай болса, болашақта жылына 5 тоннаға уылдырық және 200 тонна бекіре балығының етін өндіретін боламыз», - деп хабарлады шаруашылық басшысы Әміржан Шауданов.

Соңғы жаңалықтар