Атырауда жылына 30 млн медициналық маска шығаратын өндіріс іске қосылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда жылына 30 млн медициналық маска шығаратын өндіріс іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жергілікті кәсіпкер Махмут Мералиев пандемияның бірінші толқынында өңірде медициналық масканың тапшылығына көз жеткізген. Сол себептен, арзан бағамен сатылатын маска шығаруды қолға алған. Үкімет тарапынан қолдау тапқан игі бастаманың алғашқы өнімі Тәуелсіздік күні қарсаңында сатылымға шығарылады.
«Қазір «Доктор Хаус» ЖШС-де 20 адам жұмыс істейді. Бір реттік медициналық маска тоқылмаған материалдан жасалады. Оны пайдалану уақыты 2 сағаттан аспайды. Ересектерге арналған үш қабаты бар медициналық масканының жылына 30 млн данасын шығаруды көздеп отырмыз», - дейді зауыттың бас инженері Мұхтар Махметов.
Оның айтуынша, Атыраудан шығарылған маска еліміздің барлық өңіріне сатылымға жіберіледі. Болашақта балаларға арналған масканы да шығару жоспарда бар.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда екі айда салынған модульді инфекциялық аурухана ашылғанын жазған болатынбыз.
- «Қызыл аймақ»: Қостанайда карантин шаралары қайта күшейді
- Ақмола облысында карантиндік шектеулер күшейтілді
- Ерлан Қарин QazCovidIn вакцинасын екінші рет салдырады
- Стационарларда коронавируспен 6145 науқас жатыр – министрлік
-
Атырау облыстық мәслихатына жаңа хатшы сайланды
-
Америка әншісі мәнерлеп сырғанаған атыраулық оқушыға қолдау білдірді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам