Атырауда жылу мен жарық беру қалпына келтірілді

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атыраудың сол жағалауында жылу мен жарық беру қалпына келтірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта энерготұтыну тәртібі қалпына келтіріліп, тұтынушыларды жылумен қамтамасыз етуде іркіліс болған жоқ.
Мәлім етілгендей, 1 желтоқсан күні сағат 11:20-да Атырау Жылу электр орталығының бір турбинасы бір сағатқа істен шығуы себепті, энергожүйе жүктемесінде жүйелі шектеу болды. Бұл, Атырау қаласындағы энерготұтынушылардың бір бөлігінің жарықтан ажырылатуына әкеп соққан. Дер кезінде атқарылған іс-шаралар арқасында қазіргі уақытта құрылғы іске қосылып, турбинаның жұмыс тәртібі қалпына келтірілді.
«Атырау қаласы тұтынушыларын жылумен қамтамасыз етуде іркіліске жол берілген жоқ. Электрмен қамтуда іркілістер толық көлемде қалпына келтірілді», - деді, «Атырау ЖЭО» АҚ президенті Айвар Рахман.
Аталған факті бойынша комиссиясы құрылып, ол энегриямен қамтудың істен шығу себептерін анықтайтын болады. Апатты жою жұмыстарына «Атырау ЖЭО» акционерлік қоғамының қырыққа жуық қызметкері жұмылдырылды.
- Ерлан Айтаханов шымкенттіктерді жеке мәселелері бойынша қабылдады
- Биыл Құрық порты жүктерді жөнелтуден 1,6 млрд теңге табыс тапты
- Шымкентте жыр мүшәйрасы өтіп жатыр
- Еліміздің үшінші мегаполисінде «Шымкент - қайырымды қала» шарасы өтті
-
Қызылордада күн электр станциясы іске қосылды
-
Атыраулықтар мемлекеттік наградалармен марапатталды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам