Атырауда жылу беру неліктен тоқтатылғаны белгілі болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырау қаласының жылу желісіндегі ақауды жөндеу жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің Фейсбуктегі парақшасына сілтеме жасап.

Бұл туралы «Атырау ЖЭО» АҚ президенті Айбар Рахманов мәлім етті. Оның айтуынша, 19 қаңтарда сағат 19:00-дер шамасында жылу желісі өшірілген.
«Атырау жылу-электр орталығынан шығатын екі магистральды желінің бірінде тесік пайда болды (су кетіп жатыр). Осы учаскені өшіру үшін жылу желілерін тоқтатуға тура келді», - дейді Айбар Рахманов.

Қазіргі уақытта ақауы бар учаске өшірілген, ЖЭО жұмысшылары жылу желілерін қайта іске қосумен айналысуда.

«Атырау тұрғындарының үйлеріне жылу бір сағаттың ішінде беріледі», - деп уәде берді Айбар Рахманов.

Еске салсақ, бұған дейін ЖЭО-дағы апат салдарынан Атырау жылусыз және ыстық сусыз қалғанын хабарлаған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар