Атырауда жылу беру 20 сәуірге дейін ұзартылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау қаласында жылу беру маусымы 20 сәуірге дейін ұзартылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атырау қаласы әкімінің орынбасары Ринат Жаңғылышовтың мәлім етуінше, қолданыстағы нормативке сәйкес, үш тәулік бойы сыртқы ауа температурасы +8 градустан жоғары болуы қажет. Сонда жылу беру маусымы 15 сәуірде аяқталуы тиіс еді.

«Бірақ, төтенше жағдайға байланысты қалыптасқан ахуалды ескеріп, Атырау қаласы әкімінің шешімімен жылу беру маусымы 20 сәуірге дейін ұзартылды» -деді Ринат Жаңғылышов.


Соңғы жаңалықтар