Атырауда жылу батареяларын ұрлаған азамат қылмыстық жауапкершіліктен босатылды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда жылу батареяларын ұрлаған азамат қылмыстық жауапкершіліктен босатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атырау қаласының №2 сотында Қазақстан Республикасының ҚК-нің 187-бабының 1-бөлігімен  Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Сотталушы Б. 2018 жылдың қыркүйек айында Атырау қаласы Балықшы поселкесінде орналасқан үй подъезінің төртінші қабатына ұйықтау мақсатында көтерілген. Сол жердегі жылу батареясының қолжетімді жерде тұрғанын және оңай ағытылатынын көрген соң, жымқырып, оқиға болған жерден бой тасалап, қашып кеткен. Нәтижесінде сотталушы Б. жәбірленуші «Қаладағы тұрғын үйлерге коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС-не 16 200 теңге көлемінде материалдық залал келтірген. Сот отырысында сотталушы Б. кінәсін мойындап, іс-әрекеттіне өкініш білдіріп, кешірім сұрап, келтірілген зиянның толықтай өтелгенін айтып, қылмыстық істі тоқтатуды сұрады», - деп хабарлады Атырау қаласының №2 сотының баспасөз қызметінен.

Сотта жәбірленуші өкілі өзара татуласуларына байланысты Б.-ға қатысты  қылмыстық істі тоқтатуды сұрады.

Қазақстан Республикасының ҚК-нің 187-бабының 1-бөлігімен Б.-ға қатысты қылмыстық іс жәбірленуші жақпен татуласуына байланысты қысқартылып, сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылды.

Соңғы жаңалықтар