Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 352.54 EUR 415.15
RUB 5.31 CNY 51.53
Жаңалықтар

Атырауда жылу бағасы 1,4% өсті

2018 жылғы 10 қаңтар 09:14 1281
Бөлісіңіз:
Атырауда жылу бағасы 1,4% өсті

АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атырауда 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жылудың тарифі 1,4%-ға артты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«2015 жылы Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департаменттің бұйрығымен Атырау ЖЭО АҚ-ның жылу энергиясына қойылатын шектік деңгейлері бекітілген болатын. Ол тарифтер 2016-2020 жылдарға бекітілген. Бекітілген деңгейлерге сәйкес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап жылудың тарифі жылу есептегішін қойған тұрғындар үшін 1 гкал бағасы 3752,97 теңгеден 4181,64 теңгеге дейін, есептегіш орнатпаған тұрғындар үшін 1 шаршы метр баспана үшін 126,47 теңгеден 128,24 теңгеге дейін көтерілді. Ал 1 текше метр суық суды жылыту құны 195,57 теңгеден 198,31 теңгеге дейін, яғни орташа 1,4%-ға өсті», - дейді Атырау облысы бойынша табиғи монополияларды реттеу жөніндегі департамент басшысының міндетін атқарушы Болат Сүлеғалиев.

Монополияға қарсы күрес департаментіндегілердің айтуынша, тарифтің артуы Атырау ТЕО-ның 2016-2020 жылдарға көзделген жалпы құны 1 млрд 18 млн теңге болатын инвестициялық бағдарламасын жүзеге асыруына байланысты.

 

 


Басты сөздер: Атырау облысы, Энергетика,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат