+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Атырауда жылқышының өліміне қатысы бар екінші күдікті ұсталды

2020 жылғы 15 қыркүйек 17:17
Бөлісіңіз:
Атырауда жылқышының өліміне қатысы бар екінші күдікті ұсталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жылқышының өліміне қатысы бар екінші күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтауда ірі мөлшердегі героин есірткісін ішегіне салып өткізбек болғандар сотталды Қызылордада 21 жылқыны қолды еткен ұры қолға түсті Қызылордада қамауда отырған ағасына қарындасы бауырсаққа жасырып, телефон өткізбек болды

Бұған дейін полиция қызметкерлері Жылыой ауданында жылқысын іздеуге шығып, із-түзсіз жоғалып кеткен жылқышының өлі денесін терең шұңқырдан тапқан еді. Аталған дерекке қатысты бұрын сотталған 38 жастағы күдікті ұсталған болатын.

«Күдіктіге қатысты жүргізілген тексеру кезінде 16-шы калибрлі мылтық тәркіленді. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабымен (адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Бірқатар сараптама тағайындалды. Полиция қызметкерлерінің арнайы жедел іздестіру шараларының нәтижесінде тағы бір күдікті анықталып, 1967 жылы туған жергілікті тұрғын ұсталды. Жедел-тергеу жұмыстары жалғасуда» -деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда із-түзсіз жоғалып кеткен жылқышының денесі терең шұңқырдан табылған еді. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен Жылыой ауданының 38 жастағы тұрғыны ұсталды .



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT