USD 434.48 EUR 492.61
RUB 5.68 CNY 68.44
Jańalyqtar

Атырауда жылқы мүсінін сындырған азамат қамауға алынды

2021 жылғы 14 шілде 06:27
Бөлісіңіз:
Атырауда жылқы мүсінін сындырған азамат қамауға алынды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жылқы мүсінін сындырған азамат 5 тәулікке қамалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Ажар Ғиният Атыраудағы Теңіз кен орнында санитарлық талаптарды күшейтуді тапсырды 18 жыл бойы іздеуде жүрген ер адам Павлодарда ұсталды Атырау облысында 20 қарашадан бері Pfizer вакцинасын 3 887 адам салдырды

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, кешкі сағат 19:50 шамасында 43 жастағы азамат мас күйде жылқы мүсінін құлатқан.

«Полиция қызметкерлері Сәтбаев көшесіндегі жылқы мүсінін сындырған Орал қаласының тұрғынын ұстады. Медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, оның орта дәрежедегі мас күйде екені анықталды. Аталған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 434-бабының 1-бөлімімен (Ұсақ бұзақылық), 440-бабының 3-бөлімімен (Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу, осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасаған әрекеттер) әкімшілік хаттамалар толтырылды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Сот шешімімен 43 жастағы азамат 5 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау тұрғыны үйінің ауласында марихуана өсіргенін

жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT