Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Атырауда жыл басынан бері камераның көмегімен 111 қылмыс ашылған

2022 жылғы 14 маусым 01:41

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жыл басынан бері камерамен көмегімен 111 қылмыс ашылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаментінің штаб басқармасы бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Алтынбек Қайырлиевтың айтуынша, Атырау қаласының аумағында 3 507 бейнебақылау камерасы орнатылған. Оның ішінде 759-ы жедел басқару орталығына тиесілі болса, «Сергек» желісінде 1 997, ал, «Интеграция» жүйесінде 750 камера бар.

«Бейнекамералар көлік қозғалысының жүрісін жедел бақылап, қауіпті жағдайлардың алдын алуға, құқық бұзушылықтың ізін суытпай анықтауға ықпал етеді. Көшедегі камералардың полиция жұмысының тиімділігінің арттыруға, түрлі қылмыстың жедел ашылуына тигізер көмегі зор. Мәселен, жыл басынан бері жедел басқару орталығының бейнебақылау кезекші-инспекторлары 111 қылмысты әшкереледі. Ал, Жылыой ауданында 2 қылмыс «ізі суымай» ашылды», -дейді Алтынбек Қайырлиев.

Оның мәліметіне сүйенсек, жыл басынан бері аталған камералардың көмегімен 8 671 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Құқық бұзушылықтың 7 522-сі Атырау қаласының аумағында, 1 149-ы Жылыой ауданында тіркелген.

Биыл Атырау облысында «102» операторына 42 260 қоңырау түскен.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында полицияның сервистік моделі енгізілгенін жазған болатынбыз.


Автор:

Бек Мұстафа

Новости по теме
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары