Атырауда жыл басынан бері айыппұл төлеуден жалтарған 500-ге жуық жүргізуші ұсталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жыл басынан бері айыппұл төлеуден жалтарған 500-ге жуық жүргізуші ұсталды. Олардың көлігі арнаулы тұраққа қойылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 1-31 мамыр аралығында төленбеген айыппұлы бар 130-дан астам жүргізуші анықталған.

«Жыл басынан бері жол ережесін бұзғаны үшін салынған айыппұлын төлеуден жалтарып жүрген 500-ге жуық жүргізушінің көлігі арнаулы тұраққа қойылды. Бұл жүргізушілер жылдамдықты асырмау, жол белгісі талаптарын орындау, бағдаршамның тиым салынған түсінен өту қағидаларын бұзғаны үшін «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешен камерасына түсіп қалған», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Мәселен, патрульдік полиция қызметкерлері 28 мамыр күні сағат 12:30 шамасында Атырау қаласындағы Құрманғазы көшесінде «Ваз-2110» маркалы автокөлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде жеңіл көліктің Ресей Федерациясында тіркеуде тұрғаны анықталды.

Көлікті басқарған 53 жастағы жүргізушісінің 324 мың 695 теңгені құрайтын төленбеген 21 айыппұлы бар екені белгілі болды. Жеңіл көлік ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 785-бабына сәйкес, арнаулы тұраққа қойылды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда VIP нөмір иелері бюджетке 31,5 млн теңге шығын келтіргенін жазған едік.


Соңғы жаңалықтар