Атырауда жыл басынан бері 5 бала терезеден құлап, екеуі қайтыс болған

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жыл басынан бері 5 бала терезеден құлап, екеуі қайтыс болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұған дейін Атырауда 1 жасар егіз балалар үшінші қабаттың терезесінен құлағанын, біреуі қайтыс болғанын хабарлаған едік.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, терезеден 5 жасқа дейінгі балалардың құлауы тоқтамай тұр.

«Ата-аналар пәтер терезелеріне тор орнатпайды. Балаларын қараусыз қалдырады. Осындай жауапсыздықтың салдарынан балалар оқыс оқиғаға ұрынып жатады. Атырауда былтыр 5 бала терезеден құлап, 4-еуі жарақат алды. Ал, биыл жыл басынан бері 5 бала терезеден құлап кетті. Оның 3-еуі жарақат алып, 2-еуі қайтыс болды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.


Соңғы жаңалықтар