USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Атырауда жыл басынан бері 42 адам жемқорлық бойынша сотталған

2021 жылғы 18 қараша 14:03
Бөлісіңіз:
Атырауда жыл басынан бері 42 адам жемқорлық бойынша сотталған

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда биылғы 10 айда 59 сыбайлас жемқорлық дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында 2025 жылға дейін 48 мектеп салынады Атырау облысында коронавируспен ауырған 3 адам қайтыс болды Сот Елжан Біртановтың ісін Бас Прокуратураға қайтарды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Айдос Мамыттың мәліметінше, жыл басынан бері 42 адам сотталған.

«Биылғы 10 айда сыбайлас жемқорлыққа қатысты 59 құқық бұзушылық тіркелді. Ал, өткен жылы осындай 92 дерек анықталған еді. Жыл басынан бері 42 адам сотталды. Оның

ішінде 6 мемлекеттік органдардың бірінші басшысы бар. Қазынаға 552 млн теңге қайтарылды. Сыбайлас жемқорлық құқық қорғау саласында (18 дерек), әкімдіктер (13 дерек) пен салық органдарында (11 дерек) жиі анықталады» -дейді Айдос Мамыт.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облыстық мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мен облыстық білім басқармасы басшысының бұрынғы орынбасарлары 7 жылға бас бостандығынан айырылғанын хабарлаған едік.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT