Атырауда жыл басынан бері 38 адамды ит қапқан

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында жыл басынан бері 38 адамды ит қапқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, ит талаған адамдар дәрігерлердің медициналық көмегіне жүгінуге мәжбүр болған.

«Атырау қаласында жыл басынан бері 38 адамды ит қапқан дерегі тіркелді. Қабаған иттің талауына түскен адамдар ауруханаға қаралып, дәрігерлердің медициналық көмегіне жүгінген. Сондай-ақ, итін тұмылдырықсыз алып жүргені үшін 150-ге тұрғын ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 408-бабымен әкімшілік жауапкершілікке тартылды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір аптада 9 баланы ит қапқанын хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар