Атырауда жыл басынан бері 364 млн теңге жалақы қарызы өндірілді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жыл басынан бері 364 млн теңге жалақы қарызы өндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Игілік Әубәкіровтің

мәліметінше, жыл басынан бері 1 мыңға жуық жұмысшының құқығы қорғалған.

«Біздің басқармаға түсетін өтініштердің басым бөлігі жалақыны уақытында төлемеу, еңбек шартын сақтамау, сондай-ақ, заңсыз жұмыстан босату мәселесіне қатысты болып отыр. Мұндай бұзушылықтар жұмыс берушілердің еңбек заңнамасын елемеуінен, лауазымды тұлғалардың немқұрайдылығымен байланысты екені даусыз. Жыл басынан бері жұмысшылардың пайдасына 364 млн теңге жалақы қарызы өндірілді. Ал компаниялар мен мердігер ұйымдарға 9 млн теңгеге жуық айыппұл салынды» -дейді Игілік Әубәкіров.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 1 мыңнан астам жұмысшының 263,8 млн теңге жалақы қарызы өтелген болатын.


Соңғы жаңалықтар