Атырауда жыл басынан бері 205 өрт оқиғасы тіркелді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жыл басынан бері 205 өрт оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ғабит Бабаевтың айтуынша, өрттің басым көпшілігі тұрғын үй секторында орын алған.

«Атырауда жыл басынан бері 205 өрт оқиғасы тіркеліп отыр. Оның 86 өрт тұрғын үйлерде болған. Бұл – өрттің 42 пайызы. Ал, 52 рет автокөлік өртенді. Сондай-ақ, орман алқабында 6 рет өрт тұтанды. Өрттің салдарынан 5 адам қаза тауып, 3 адам әртүрлі жарақат алды» -дейді Ғабит Бабаев.

Оның мәліметіне сүйенсек, өрттің көбеюіне электр желілерінің қысқаша тұйықталуы себеп болған.

«Соңғы кезде өрт жиілеуіне электр сымдарының қысқаша тұйықталуы әсер етіп отыр. Бұл ескі көліктерде жиі кездеседі. Өйткені, жүргізушілер көлігінің электр сымдарын жиі тексеріп тұруды ескермейді. Тіпті өрт сөндіру құралдарына мән бермейді» -дейді Ғабит Бабаев.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда көлік жөндеу орталығы өртеніп кеткенін жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар