Атырауда журналистер «Халық алғысы» медалімен марапатталды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда журналистер «Халық алғысы» медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қауіпті індетпен күреске тартылған дәрігерлер мен құқық қорғау органдарының еңбегі туралы ақпарат таратқан бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері тыным тапқан жоқ. Журналистерге марапатты облыс әкімінің орынбасары Бақтыгүл Хаменова тапсырды.

«Коронавирус инфекциясымен күресте дәрігерлер, тәртіп сақшылары, төтенше жағдай қызметінің өкілдері жанқиярлық еңбектің үлгісін көрсетті. Олардың қызметін жан-жақты көрсетуде бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ерекше көзге түсті. Көптеген журналист қауіпті індетпен күрестің алғы шебіне, яғни, емдеу мекемелеріне барып, атқарылып жатқан шаралар туралы репортаждар жүргізді», - деген Бақтыгүл Хаменова марапат иелерін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхаметовтің атынан құттықтады.

«Халық алғысы» медалімен марапатталғандардың арасында «Атырау-Ақпарат» ЖШС директорының орынбасары Серік Қабдолов, «Хабар24» арнасының Атырау облысындағы меншікті тілшісі Әлия Жамитова, Аtr.kz сайтының бас редакторы Баян Жанұзақова, «Ақжайық» газетінің тілшісі Зүлфия Искалиева, «Атамекен бизнес» арнасының Атырау облысындағы меншікті тілшісі Динара Бағытова, «Caspian NEWS» арнасының редакторы Карина Дуржанова, Атырау облыстық коммуникациялар қызметінің фототілшісі Расул Серіков, «Aтырау» телеарнасының редакторы Жұлдыз Тілеухан мен М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма-теарының қоюшы режиссеры Жанат Телтаев бар.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда бірқатар азамат «Халық алғысы» медалімен марапатталған еді.



Соңғы жаңалықтар