+7 (701) 759 90 19
USD 425.75 EUR 499.32
RUB 5.85 CNY 65.88
Jańalyqtar

Атырауда жүргізуші әйел 1 млн теңгеден асатын 54 айыппұлын төлемеген

2021 жылғы 3 тамыз 21:08
Бөлісіңіз:
Атырауда жүргізуші әйел 1 млн теңгеден асатын 54 айыппұлын төлемеген

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жүргізуші әйелдің 1 млн теңгеден асатын 54 айыппұлын төлемегені анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада «Сергек» камералары 800 мыңнан астам ереже бұзу фактілерін тіркеді Өскеменде 3 көлік соқтығысты Алматыда полиция көлігіне «Сергек» камерасы орнатылды

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бір аптада айыппұлын төлемей жүрген 56 автокөліктің иесі анықталған.

«Аталған автокөліктердің жүргізушілері жылдамдықты асыру, жол белгісі талаптарын орындамау, бағдаршамның тыйым салынған түсінен өту фактілерімен «Сергек» камераларына түскен.

Патрульдік полиция қызметкерлері 30 шілдеде сағат 11:10 шамасында Махамбет көшесі мен Бейбарыс даңғылының қиылысында «Тoyota Camry» автокөлігін тоқтатты. Армениядан әкелінген көлікті 1974 жылы туған әйел басқарған. Тексеру кезінде аталған көлік иесінің 1 млн 38 452 теңгені құрайтын 54 айыппұлды төлемегені анықталды», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Қазір ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 785-бабына сәйкес айыппұлы төленбеген армениялық көлік арнаулы тұраққа қойылды.

Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда бір аптада айыппұлы төленбеген 42 көлік тұраққа қойылған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT