+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Атырауда жұмысына кетіп, жоғалған күзетшінің мүрдесі Жайықтан табылды

2021 жылғы 29 наурыз 23:30
Бөлісіңіз:
Атырауда жұмысына кетіп, жоғалған күзетшінің мүрдесі Жайықтан табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жұмысына шығып кетіп, жоғалған күзетшінің мүрдесі Жайықтан табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында киікті заңсыз атқандарға 12 қылмыстық іс қозғалған Степногордағы әлімжеттік: жеті тәрбиеленуші оқудан шығарылды Сауда орталығындағы субұрқаққа секірген елордалық ұсталды

Бұдан бұрын 6 наурызда кешкі сағат 19:00 шамасында үйінен жұмысына шығып кетіп, із-түзсіз жоғалған 54 жастағы күзетші іздестіріліп жатқанын хабарлаған едік.

Күзетшінің жоғалғаны туралы полицияға 9 наурызда қарындасынан хабар түскен.

«Із-түзсіз жоғалған азаматтың денесі 26 наурызда сағат 20:00 шамасында Алмалы елді мекені маңындағы Бугорки саяжайы тұсынан, Жайық өзенінен табылды. Мүрдені қарау кезінде дене жарақаты болмады» - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

Белгілі болғандай, өңірде жыл басынан хабар-ошарсыз кеткен 12 тұлға іздестірілген. Жоғалғандардың 9-ы табылған. Ал, 3-еуі әлі іздестіріліп жатыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT