Атырауда жүкті әйелдің өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Атыраудағы жүкті әйелдің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Науқас ауруханаға ауыр халде түсті. Жансақтау бойынша жасалған арнайы шаралар келіншектің өмірін құтқарып қала алмады. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Оның нәтижесі бойынша қызметтік тергеу жүргізіледі. Аталмыш оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды», - деді Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.

Еске салайық, 12 қыркүйек күні Атыраудағы перзентханалардың бірінде 25 жастағы аяғы ауыр келіншек көз жұмған еді. Сол үкні таңертең жүктіліктің 38-39-шы аптасында жүрген келіншек өзін нашар сезініп тұрғанын айтып жедел жәрдемге хабарласқан. 

Соңғы жаңалықтар