+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Атырауда жолаушылар бір тәуліктен бері Ақтөбеге ұша алмай отыр

2020 жылғы 28 қаңтар 19:18
Бөлісіңіз:
Атырауда жолаушылар бір тәуліктен бері Ақтөбеге ұша алмай отыр

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – 29 жолаушы Атыраудан Ақтөбеге ұшатын ұшақты бір тәуліктен бері күтіп жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ақтау мен Үргеніш арасында әуе рейсін ашу жоспарланып отыр Польша Қазақстанды әуе қатынасына тыйым салынған елдер тізімінен алып тастады 20 қыркүйектен бастап Қазақстан мен Қырғызстан арасында қайтадан ұшақ ұша бастайды

«Біз төртінші тәулікті жолда өткізіп отырмыз. Нұр-Сұлтан қаласынан Air Astana рейсімен Ақтөбеге жексенбі күні таңертең ұштық. Ақтөбеге дейін жетіп, елордаға оралдық. Әуежай бізді қабылдамайтынын айтты. Кейіннен Ақтөбеге Air Astana ұшағының жақын арада ұшпайтыны белгілі болды. Бірақ Qazaq Air ұшақтары ұшады. Біз осы рейске билеттер сатып алып, дүйсенбі күні таңғы сағат үште Ақтөбеге ұштық. Олар қаланы айналып өтіп, Атырауға кеше кешке жетті. Дүйсенбі күні бізге сағат 23.45-те ұшамыз деп хабарлады. Бірақ рейс тоқтатылды», - деді жолаушылардың бірі Гүлнәр Жұмабекова.

Оның айтуынша, бұл рейс кей жолаушылар үшін сәтсіз болған. Жексенбіде ұшақ Ақтөбеден Нұр-Сұлтанға қайтып келе жатқаны туралы хабарланған кезде бортта үрей пайда болған. Жолаушылардың біреуінің қан қысымы көтерілсе, екіншісінің жүрек талмасы ұстаған. Қандай да бір себептермен борт қызметкерлері дәрі-дәрмек қобдишасын бермеген. Борттағы дәрігерлер қолда бар құралдармен жолаушыларға көмек көрсетуге мәжбүр болған.

«Біз барлық 29 жолаушыны қонақ үйге жайғастырдық. Тамақпен қамтамасыз еттік. Ауа райы бұзылмаса және әуежай қайтадан жабылмаса, бүгін Оралдан борт келіп, 21.20-да олар Ақтөбеге ұшады деп күтіп отырмыз», - деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне Qazaq Air әуе компаниясының атыраулық өкілдері.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT