Атырауда жолаушы тасымалдайтын автобус отқа оранды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласында жолаушы тасымалдайтын автобус жаныпкетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда,

автобус бүгін, 22 қарашада өртенген.

«Бүгін департаменттің 101 пультіне сағат 18:30-да Атырау қаласындағы «Вокзал маңы-

3А» шағын ауданында автобустың өртенгені туралы хабар түсті. Өрт сөндірушілер

М.Баймұханов көшесінде «ПАЗ» автобустың электр желісінің қысқа тұйықталуы салдарынан отқа оранғаны анықталды. Жалынды сөндіруге департаменттің 10 қызметкері мен 2 арнаулы

техникасы жұмылдырылды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Өрт сағат 18:39-да ауыздықталып, сағат 18:41-де сөндірілген. Қаза болғандар мен зардап

шеккендер жоқ.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жеңіл көлік жанып кеткенін

хабарлаған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар