Атырауда жолаушы тасымалдаушылар Құрманғазының күйін орындады

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жолаушы тасымалдаушылар Құрманғазының «Адай» күйін орындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын атыраулықтар Тәуелсіздік күнінде қоғамдық көлікте тегін қатынап жүргенін жазған едік.

Атырау қалалық әкімдігінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, мұндай шешім ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай қабылданған.

«Қала тұрғындары мен қонақтары 16 және 17 желтоқсан күндері барлық бағытта қатынайтын қоғамдық көлікте тегін жүреді. Жолаушы тасымалдау үшін күн сайын 220 автобус маршрутқа шығады. Екі күн бойы тегін жүру мүмкіндігін жас ерекшелігіне қарамастан барлық жолаушы пайдалана алады», -деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Ал, жолаушы тасымалдаушы компаниялардың қызметкерлері ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына ерекше сый жасады. «Атырауавтопарк» және «Алғабус» ЖШС-нің бірлесуімен «Қазағымның қазынасы – қара домбыра» іс-шарасын өткізді. Аталған серіктестіктердің 30 қызметкері бір мезгілде домбырамен Құрманғазының «Адай» күйін орындады.



Соңғы жаңалықтар