+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Атырауда жол жиегіндегі қоршау мал жүрмес үшін токқа қосылды

2021 жылғы 19 қыркүйек 06:13
Бөлісіңіз:
Атырауда жол жиегіндегі қоршау мал жүрмес үшін токқа қосылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жол жиегіне электр желісіне жалғанған лента орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жем-шөптің қымбаттауынан шаруалар жаппай мал сатып жатыр – Мәжіліс депутаты Атырауда Шеберлер аллеясы ашылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мұндай әдіс қараусыз малдың жолға шығып кетуіне тосқауыл болады.

«Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында халықаралық «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» тас жолының 574-шақырымында жол жиегіне ұзындығы 1 мың метрлік ток көзіне жалғанған лента қоршауы орнатылды. Ток көзі жануарларға қауіпті емес. Аталған қоршау автокөлік қауіпсіздігі үшін үй жануарларының тас жолға шығуына тосқауыл болады. Алдағы уақытта осындай токқа жалғанған ленталарды республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдар бойындағы елді мекендердің тұсына орнату көзделіп отыр. Оның ұзындығы 10 шақырым. Оны орнату жергілікті атқарушы орган мекемелерімен бірлесіп жүргізіледі», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау-Индер жолына полиция көлігі мен малдың макеті қойылғанын жазған болатынбыз.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT