Атырауда жол апатынан жүргізуші қыз мерт болды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жол апатынан жүргізуші қыз мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол-көлік оқиғасы 17 шілдеде Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарын жалғайтын күре жолда болған.

«Кешкі сағат 21:30 шамасында «Атырау-Орал» бағытындағы жолда «Hyundai Ascent» пен «Газель» көлігі соқтығысқан. Жол апатынан оқиға орнында «Нyundai Ascent» көлігінің 20 жасар жүргізушісі мерт болды» -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жол апатынан бір адам мерт болып, бесеуі ауруханаға түскенін хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар