Атырауда жол апатынан үш адам зардап шекті

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Атырауда болған жол апатынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы Құлманов және Пушкин көшелерінің қиылысында болған. «Мерседес» және «Тойота Камри» жеңіл автокөліктері қақтығысқан. Соның салдарынан үш адам зардап шекті. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін екі адам үйлеріне қайтарылды. Үшіншісі ауруханаға жеткізілді.

Жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, бірқатар сараптамалар тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар