Атырауда жол апатынан театр әртісі көз жұмды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жол апатынан театр әртісі көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты 19 наурызда Мақат ауданында болған.

«Кешкі сағат 21:00 шамасында «Атырау-Доссор» тас жолында «ГАЗель» мен «ВАЗ-2114» соқтығысқан. Жол апатының салдарынан жеңіл көліктің жолаушысы бойжеткен қаза тапты. Жеңіл көліктің 22 жастағы жүргізушісі бірнеше жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.

«ВАЗ-2114» көлігінде М.Өтемісов атындағы академиялық қазақ драма театры жанындағы жастар театрының екі әртісі болған. Қазір аталған жол апатына байланысты сараптама тағайындалды.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болғанын хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар