13:21, 06 Тамыз 2021 | GMT +6
Атырауда жол апатынан кәмелетке толмаған жүргізуші мерт болды
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында жол апатынан кәмелетке толмаған жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, жол апаты бүгін, 6 тамызда сағат 5:00 шамасында болған.
«Атырау - Доссор» бағытындағы жол бойында 52 жастағы азамат басқарған «КамАЗ» бен 17 жасар бозбала жүргізген «ВАЗ-21015» көлігі соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасынан кәмелет жасына толмаған жүргізуші мерт болды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық Кодекстің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жол апатынан бір адам мерт болып, бесеуі ауруханаға түскен болатын.