12:40, 15 Шілде 2021 | GMT +6
Атырауда жол апатынан бір адам мерт болып, бесеуі ауруханаға түсті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысындағы жол апатынан бір адам мерт болып, бесеуі ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апаты кеше, 14 шілдеде болған.
«Кеше «Атырау-Астрахань» (Ресей шекарасы) тас жолында 21 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «Toyota Ipsum» мен рульде 1957 жылы туған азамат болған «Toyota Highlander» көлігі соқтығысқан. Жол апатының салдарынан бір адам мерт болып, 5 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді», - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Қазір аталған дерекке байланысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жүргізіліліп жатыр.
Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда жол апатынан бір адам мерт болып, екеуі ауруханаға түскенін хабарлаған едік.