14:04, 24 Қазан 2019 | GMT +6
Атырауда жол апатынан бір адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жол апатынан бір адам қаза тауып, бесеуі зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін таңертең Атырау – Дамба күре жолында, Химик кентінің маңында жол апаты болды. ВАЗ-2115 (LADA Samara) және ВАЗ-2121 «Нива» автомашиналары соқтығысқан. Апат салдарынан 1992 жылы туған келіншек қаза тапты, тағы бес адам түрлі жарақатпен облыстық ауруханаға жеткізілді», - деп мәлімдеді өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Департаменттің мәлімдеуінше, жол апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу») 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүріп жатыр.
Автор: А.Соколов