USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Атырауда жол апатынан 12 адам зардап шекті, 4-еуі бала

2019 жылғы 30 қыркүйек 14:37
Бөлісіңіз:
Атырауда жол апатынан 12 адам зардап шекті, 4-еуі бала

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда болған жол апатынан зардап шеккендер белгілі болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қызылорда облысындағы жол апаты 8 адамның өмірін қиып кетті Атырау облысында екі көлік соқтығысып, 5 адам мерт болды Қостанай облысында блокпосттардың бірінде жол-көлік оқиғасы болды

«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, бүгін сағат 11.35-те Нұрсая шағын ауданында болған жол-көлік апатында 12 адам зардап шекті. Олардың 8-і – ересек жолаушы және 4-уі – бала. Барлығы ауруханаға жеткізілді», - деп мәлім етті өңірдің баспасөз қызметі.

Облыстық басқарманың баспасөз қызметінде зардап шеккендердің нақты саны мен олардың халі туралы хабарланған жоқ. Барлық ақпарат кейін беріледі.

Әлеуметтік желілерден белгілі болғандай, жол-көлік оқиғасының орнында 5 жедел-жәрдем бригадасы жұмыс істеп жатыр.

Осыған дейін Атырау облысында автобустың жүк көлігімен соқтығысқандығы хабарланды.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Біржанқызы Сабина

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT