Атырауда жол апатын жасап, қашып кеткен жүргізуші 30 тәулікке қамалды

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында көлігімен бетон қоршауға соғылып, жол-көлік оқиғасы орын алған жерден қашып кеткен жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Атырау облысының Жылыой аудандық сотында ҚР Әкімшілік құқық бұзу кодексінің 611-бабы 3-бөлігі бойынша А.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. Сотта анықталғандай, А. көлік басқару құқығынан айырылған адам бола тұра, 2019 жылдың желтоқсан айында Құлсары қаласында «TOYOTA ALPHARD 2.4» маркалы көлігін жүргізген. Ол автокөлікті тізгіндеп келе жатып, жол жиегіндегі бетон қоршауды соққан. Сол жерде көлігі аударылып қалып, жүргізуші оқиғ орнынан кетіп қалған« деп мәлім етті облыстық соттың баспасөз қызметі.

Сот қаулысымен А. кінәлі деп танылып, оған 30 тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі жаза тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар