+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Атырауда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

2021 жылғы 19 қазан 21:08
Бөлісіңіз:
Атырауда жоғалып кеткен ер адам өлі табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда жоғалып кеткен 31 жастағы ер адам өлі күйінде табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Атырау облысында вакцинаның І компонентін 250 мыңға жуық адам салдырды Атырауда төбелескен оқушылардың ата-аналары айыппұл төледі Атырауда Pfizer вакцинасын 84 әйел мен 51 жасөспірім салдырды

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 31 жастағы ер адамға туыстарының шағымынан кейін іздеу жарияланған.

«Ер адам үйінен көлікпен кетіп, қайтып оралмаған. 16 қазанда із-түзсіз жоғалған 1990 жылғы ер адамның денесі Атырау қаласының маңындағы Талғайран-2 ауылында тұрғын үйдің ішінен табылды. Марқұмның көлігі қаланың өзге шағын ауданында табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Қазір аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық уодексінің 99-бабымен (Адам өлтіру) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 51 жастағы тұрғын ауласында асылып қалған еді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT