+7 (701) 759 90 19
USD 439.01 EUR 474.61
RUB 5.75 CNY 61.91
Jańalyqtar

Атырауда жоғалып кеткен екінші баланың да денесі табылды

2020 жылғы 12 қаңтар 20:30
Бөлісіңіз:
Атырауда жоғалып кеткен екінші баланың да денесі табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда құтқарушылар жоғалып кеткен екі баланың екіншісінің де денесін судан тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, жоғалған екі баланы іздеу жұмыстары аяқталды. Екеуінің де денесі «Жылы» каналынан табылды.

«Іздеу жұмыстарын құрлықта да, суда да жүргіздік. Себебі, балалардың әпкесі олар шанамен сырғанауға кеткен деген болатын. Алайда нақты қайда бет алғанын айта алмаған еді. Іздеу операциясына 15 қызметкер, 4 техника, 1 қайық, 1 ТЖД кинологиялық тобы, одан бөлек 18 полиция қызметкері мен олардың 4 техникасы жұмылдырылды. Жұма күнгі уздеу жұмыстары қараңғы түскенде тоқтатылған еді. Бүгін таң атқан соң қайта іздеуді бастадық. Бірінші бір баланың денесін таптық, кешке қарай екіншісінің де денесі табылды. Екеуі де 2010 жылы туған» делінген хабарламада.

Айта кетейік, биыл Атырау өңірінде қыс жылы болып тұр. Су қоймаларының бетіндегі мұз жұқа. Өңірде жуырда ғана төрт бала батып кетті. Оның біреуін құтқару мүмкін болмады. Біреуі өзі жағаға шықты. Екеуін полицейлер құтқарып қалған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Атырау облысы, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Автор:

Ербол Жанат

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT