+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Атырауда жоғалып кеткен 40 жастағы әйел мен бір жарым жасар сәби табылды

2020 жылғы 7 тамыз 13:52
Бөлісіңіз:
Атырауда жоғалып кеткен 40 жастағы әйел мен бір жарым жасар сәби табылды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырауда үйінен шығып, жоғалып кеткен 40 жастағы әйел мен бір жарым жасар бүлдіршін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Елордада түнгі клубта көңіл көтергендер ұсталды Қытайда тікұшақ апатқа ұшырады Украинадағы әскери ұшақ апаты: 25 адамның қаза тапқаны белгілі болды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, 6 тамызда кешкі мезгілде кезекші бөліміне Атырау қаласының тұрғынынан шұғыл хабар түскен. Ол 1980 жылы туған апасы мен өзінің 1,5 жастағы қызының сағат 17:30 шамасында Қаженбаев көшесіндегі үйінен шығып кеткендігін, содан кейін қайта оралмағандығын айтқан.

«Осы дерекке байланысты жоғалған адамдарды іздестіруге Атырау қалалық полиция басқармасының жеке құрамы жұмылдырылды. Бүгін, 7 тамызда сағат 10:00 шамасында полиция полковнигі Сайфулла Қазиханов пен полиция майоры Андрей Чекарев 40 жастағы әйел мен 1,5 жасар баланы «Дина» базарының маңынан тапты. Қазір олар туыстарымен табысты», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда балаға зорлық жасамақ болған күдікті ұсталған еді.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бек Мұстафа

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT